Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екенін айтты.
Ақжарқын Тұрлыбайға Қытай сотында айыптаушы үкім шығатын болса, Қазақстан қыз баланың өз елінде жазасын өтеу туралы сұраныс жібереді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында түрмеде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов айтты.