USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке кетті

  • 14.қазан.2020, 14:43,
  • 370

Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болды.

Мұндай бұйрықты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шығарды.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазымдарды атқарған. 2014 жылы - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары.

2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.  2017 жылы - ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары - ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры. 2020 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.



#есмағамбетова #төрайым #тағайындау #цой #сэс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2020
27.07.2020
26.08.2020
12.08.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930