USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"СК-Фармацияның" экс-басшысы заңсыз қару ұстаған

  • 26.сәуір.2021, 13:51,
  • 240

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп атыс қаруын сақтаған, деп мәлімдеді прокурор Дастан Күпербаев Нұр-Сұлтанда өткен Есіл аудандық сот отырысында. 

Бұрын хабарланғандай, бірінші сот отырысында судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап, 4-бөлімі, 3-тармағы (қызмет бабын асыра пайдалану) және 287-бап (қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қаралып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Берік Шәріп келесі жағдайларда қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қасақана қылмыс жасады. Шәріп 2006 жылдың қазанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Оңтүстік Қазақстан облысында тұрды, облыстың денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеді. Көрсетілген мерзімде Шәріп Шымкенттегі "Арсенал" ЖШС - қару-жарақ дүкенінен өзін қорғауға арналған MP-461 моделді "Стражник" тапаншасын,18х45 калибрін және тапаншаға арналған травматикалық оқ-дәрілер сатып алды, - деді Дастан Күпербаев.
Ол мемлекеттік бақылау туралы заңның 6-бабына сәйкес, оқпаны жоқ атыс қаруы қызметтік қаруға жататынын да айтты. Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін сақтауға және алып жүруге полиция бөлімінен арнайы рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға рұқсат етіледі.

Алайда, оның айтуынша, Шәріптің атыс қаруын сақтауға және оны алып жүруге тиісті рұқсаты болмаған және 2007 жылдың тамызынан бастап 2020 жылдың 6 тамызына дейін ол тапаншаны заңсыз сақтаған.

Сондай-ақ сотта хабарланғандай, 2020 жылы 6 тамызда Шәріптің тұрғылықты жерін тінту кезінде көрсетілген тапанша, оны қолдану кітапшасы,4 травматикалық оқ және оқпаны жоқ тапаншаның бір оғы табылды.

Кешенді баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тапанша травматикалық атыс қаруы санатына жатады, пайдалануға жарамды, оқ атуға жарайды, оқтар да жарамды екені анықталды, деп түсіндірді Купербаев.

Прокурор Ішкі істер министрлігі жоғарыда аталған қаруды алуға, сақтауға және алып жүруге құжаттар бермегенін еске түсірді.

Сонымен бірге, 2014 жылдан бастап Шәріп 12 калибрлі МП-153 және 12 калибрлі ИЖ-27 модельдерінің екі тегіс ұңғылы қаруын иеленген. Осылайша, Шәріп Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі, яғни заңсыз атыс қаруын сақтау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады, - деді прокурор.



#БерікШәріп #СҚ-Фармация #сот #жаза #қару #айып 

скачать dle 12.0
Фото авторы : "СҚ-Фармация" баспасөз қызметі
Тағы да оқыңыздар:
09.11.2020
27.07.2020
15.08.2020
16.01.2020
07.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031