Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілі Данияр Бегайдаров та растаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуда «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өз өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деген Сыбай жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Шәріп енді екі ай қамауда болады.
«Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.
Берік Шәріп «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасын 2020 жылдың сәуірі мен шілдесі аралығында басқарған. Оған дейін 2018 жылдан бері басқарма басшысының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін атқарушы болған.
2020 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босаған.
#скфармация #экс-басшы #қылмыс #жемқорлық