Ғани Рысбеков 1962 жылы 8 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым "агроном" мамандығы бойынша, 2005 жылы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "қаржыгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған.
1980-2015 жылдары Түлкібас жеміс-жидек зауытында жұмысшы, Целиноград облысы Балқаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы Жастар ісі жөніндегі Спорт және туризм басқармасының бастығы, "Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеген.
2019 жылдан бастап Кентау қаласының әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облысындағы бөлімше төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. "Ерен еңбегі үшін" медалімен," Құрмет" орденімен марапатталған.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурызда Түркістан облысында Сауран ауданын құру туралы жарлыққа қол қойған еді. Әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы болған. Қазір бұл елді мекенде 12 мың адам тұрады. Ал аудандағы халық саны 100 мыңнан асады.
#әкім #тағайындау #Кентау #ҒаниРысбеков #Президент #Тоқаев