«Осы жылдың маусым-шілдесінде коронавирус инфекциясы таралуының өте күрделі тәжірибесі бәріміздің есімізде. Ол кезде медицина ұйымдары пациенттер тасқынына төтеп бере алмай қалды. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін және корнавирустың орын алуы мүмкін жаңа толқынына инфекциялық қызметтерді дайындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағыдай 2,7 мың төсек-орынға арналған жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады», - деді министр. Оның атап өтуінше, мұндай стационарлар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынады. Қазіргі уақытта әкімдіктер жер учаскесін бөліп, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымды таңдау процесін жүргізіп жатыр. Өңір әкімдіктері стационарға тапсырыс беруші саналады. Ал ауруханалар «Жұмыспен қамту» жол картасынан үнемделген және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Әрбір жұқпалы аурулар ауруханасының құнын әр әкімдік өздігінен қалыптастырады. «Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған ауруханалардың штаттық кестесін дер уақытында қалыптастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Өйткені, қазанда, қажеттілік туындағанда олар бірден медициналық көмек көрсетуі тиіс»,- деді Алексей Цой.
#аурухана #медицина #алексейцой #министр