USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дина Ғалиева Ұлттық банк басшысының орынбасары қызметінен босатылды

  • 05.сәуір.2021, 19:22,
  • 292

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Ғалиеваны Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатты. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дина Ғалиева 2015 жылдан бері Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін Алматыдағы өкілдігін басқарды.

2005 жылғы шілдеден 2009 жылғы наурызға дейін "Қазақстан Халық банк" ЖЗҚ" АҚ төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, әр жылдары Ұлттық банктің жоспарлау және бюджетті бақылау басқармасын басқарды, қаржы реттеу қызметкерлерімен жұмыс департаментін басқарды.


#Ұлттықбанк #лауазым #тағайындау #ДинаТөлеубекқызы #саясат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031