"Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Дина Ғалиева 2015 жылдан бері Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін Алматыдағы өкілдігін басқарды.
2005 жылғы шілдеден 2009 жылғы наурызға дейін "Қазақстан Халық банк" ЖЗҚ" АҚ төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, әр жылдары Ұлттық банктің жоспарлау және бюджетті бақылау басқармасын басқарды, қаржы реттеу қызметкерлерімен жұмыс департаментін басқарды.
#Ұлттықбанк #лауазым #тағайындау #ДинаТөлеубекқызы #саясат