8 ақпаннан бастап Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі Басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, делінген банктің сайтында.
Руслан Даленов әр жылдары Қазақстанның қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін ол Қазақстанның ұлттық экономика министрі болды.
Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) - экономикалық өсімге ықпал етуге тартылған мүше-мемлекеттердің (Қазақстан, Армения, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан) арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық қызмет арқылы Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытуға арналған халықаралық қаржы ұйымы.
#русландаленов #қызмет #лауазым #саясат