USD 539.06
EUR 623.75
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет басшысы ауыл диқандарын құттықтады

  • 06.қазан.2020, 13:35,
  • 682

Асқар Мамин диқандарды астық жинау науқанының аяқталуымен құттықтап, мамандардың үйлесімді жұмысы 20 млн тоннадан астам сапалы астық жинауға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

"Құрметті ауыл еңбеккерлері! Сіздерді егін жинау науқанының аяқталуымен құттықтаймын. Пандемия, төтенше жағдай мен карантин кезінде ауыл шаруашылығы техникасы, тұқым мен тыңайтқыштар уақытылы дайындалды, бұл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік берді. Барлық мамандардың үйлесімді жұмысы 20 млн тоннадан астам сапалы астық жинауға мүмкіндік берді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өндірілген көлемі еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетімізді іске асыруға мүмкіндік береді, бұл ретте жеткізілген астықтың 80%-ның сапалық қасиеттері жоғары. Барлық ауыл шаруашылығы жұмыскерлеріне ауқымды жұмыстары мен ерен еңбектері үшін алғыс білдіремін! Сіздерге мықты денсаулық және игілік тілеймін", деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.



#мамин #премьерминистр #диқандар #астық #науқан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.08.2020
02.08.2020
15.07.2020
20.09.2019
05.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031