USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің бас қаласында Наурызға арналған іс-шаралар өтпейді

  • 20.наурыз.2021, 13:05,
  • 207

Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа енгендіктен коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары. Осыған байланысты Наурыз мерекесінде болатын дәстүрлі бұқаралық іс-шаралар өтпейді. 

Аурудың қаупі әлі де жоғары, бұған эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының 10 наурыздан бастап "қызыл аймаққа" енгені дәлел. Мұндай жағдайда бұқаралық іс-шаралар, концерттер мен қойылымдар қоюдың соңы қала тұрғындарының өміріне қауіп тудырады.

Дегенмен мерекелік көңіл күй орнату үшін ашық ауада қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады, яғни қаланы безендірген түрлі-түсті фотоаймақтар мен декорациялар орнатылады. Халқымыздың ежелден келе жатқан киіз үйі, жайлауды еске түсіретін жасыл кілемдері мерекенің көркін арттырмақ. Бұл жұмысқа бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Айта кету керек, Наурыз мерекесі күндері полиция мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Олар жұрт көп жиналмас үшін қаладағы жағдайды қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елордада Наурыз мейрамын тойлау – "игі істер" марафонының аясында көптеген қайырымдылық акциялары өтетін болады. Қала тұрғындары мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетуге шақырылады: азық-түлік тарату, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларының қарын күреу, дәрі-дәрмек алып беру. Бұл жағдайда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет.

Сонымен қатар, демалыс күндері уақытты қызықты өткізу үшін қаланың мәдени мекемелері теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көптеген онлайн-іс-шаралар дайындап отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, тарихи-танымдық дәрістер мен конференциялар бар.



#Наурыз #мереке #шара #карантин #эпидахуал #Нұр-Сұлтан #Елорда 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.02.2021
05.01.2021
09.12.2020
18.10.2020
20.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930