USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада Журналистер үйі ашылады

  • 18.қазан.2020, 12:02,
  • 350

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.

Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды.

Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті.

Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы З. Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді.

«Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді», - деді Зейін Әліпбек.

Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты. ​

Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкіміне қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.


#журналистерүйі #кәсіподақ #бақ #тілші #зейінәліпбек 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2020
30.09.2020
29.09.2020
28.07.2020
28.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930