USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс квазимемлекеттік сектор сатып алулары туралы заң жобасын қарайды

  • 12.наурыз.2021, 13:56,
  • 319

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. 

Депутаттар қарауына "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылды.

Заң жобасы Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын іске асыру бағытында әзірлеген.

Аталған құжатта сатып алудың жаңа тәсілін – электронды дүкенді енгізу ұсынылады. Заң жобаларын қабылдау кәсіпкерлерге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысуға ашық және әділ бәсекелестік мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста Палата депутаттары адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарайтын болады.


#спикер #нығматулин #заң #мәжіліс #парламент #саясат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.03.2021
05.02.2021
25.12.2020
16.11.2020
02.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031