USD 508.91
EUR 594.36
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс маңызды халықаралық келісімдерді қарайды

  • 05.ақпан.2021, 17:20,
  • 368

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. 

Бюро отырысында депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы. Бұл Келісімді қабылдау мемлекетаралық стандарттау бойынша қолданылатын құжаттардың дұрыстығы мен өзектілігін, ТМД-қа қатысушы мемлекеттердің ұлттық стандарттау жүйелерінің шығындарын жабуды қамтамасыз етеді.


Алдағы жалпы отырыста депутаттар ТМД қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы, сондай-ақ, "2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобаларын қарайды.



#мәжіліс #депутат #спикер #нығматулин #саясат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.12.2020
21.11.2020
16.11.2020
02.11.2020
05.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031