USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Біздің ұрылар Құдайдан қорықпайды"

  • 29.қантар.2021, 13:25,
  • 320

Антикор былтыр пандемияға қатысы бар 100 шақты іс тіркесе, соның тең жартысы – коронавируспен күреске бөліген қаржыны жымқыру. 2 млрд теңгеге бағасын асыра қымбаттатып қойып, 132 ӨЖЖ аппаратын сатып алудың жолы кесілген. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Агенттік басшысы ел қайғы шегіп жатқанда, тек құлқынының қамын ойлағандарды сатқынға теңеп, олардың әрекеті адам өлтірумен бірдей деді.


"Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қамқорлық пен көмек күтіп отырғанда кейбір арсыз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, лауазымын "қалтасын толтыруға" пайдаланып, жүйелі түрде пара алып, бюджет қаржысын жымқырды. Менің ойымша, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық және адам өлтірумен тең" деді Алик Шпекбаев.


2020 жылы қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін алты саяси қызметші отставкаға кеткен. Квазимемлекеттік сектордың бес топ-менеджері, 9 саяси және 39 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.


"Отставкалар туралы жаңалықтар азаматтар мен БАҚ-тың жіті назарында екенін ерекше атап өткім келеді. Барлығы басшы болуға ұмтылады, бірақ кез-келгені қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес. Отставкаға кету туралы жай өтініш беру және іс жүзінде отставкаға кету – екі түрлі әрекет. Жиі берілетін ескертулер мен сөгістер азаматтардың тек ашуын туғызады. Сондықтан, заңмен қоса моральдік-этикалық қағидаттарды да басшылыққа алатын уақыт келді. Осы тұрғыда біз кеңесіп, Агенттік қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берсе оның тікелей басшысын атқаратын лауазымынан бірден босату туралы шешім қабылдадық. Тек басшылар сыбайлас жемқорлық фактісін өз бетінше анықтап, жолын кескен жағдайларда ғана қолданылмайды" деді агенттік басшысы.

Агенттік келтірген мәлімет бойынша, былтыр түрлі лауазымдағы 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. 722 адам сотталған, оның ішінде бір облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 5 судья, 10 аудан әкімі және олардың орынбасарлары бар.


Сонымен қатар 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлық 112 фактісінің алдын алған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.01.2021
29.09.2020
21.08.2020
22.04.2020
22.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930