"Қазақстандағы БҰҰДБ бағдарламасы аясында елдің 17 аймағында экологиялық орталықтар құру бойынша пилоттық жобалар басталады", - дейді ол.
Сонымен қатар, мамандар экологиялық орындарда жағдай жасаудың қаншалықты маңызды екенін айтты.
"Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мәдени сала, экологиялық өндіріс – өндірістік сала. Сол себепті барлық ұйымдар бірігіп экологияның мәселелеріне араласу керек. Экология министрлігі бірнеше жоба бастады. Табиғи Ұлттық парктерді ірі компанияларға беріп, олар онда визит-орталықтарын ұйымдастырған. Келушілерге жан-жақты ақпарат береді", - дейді "Серпін" Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.
Дүние жүзінде кейбір адамдар ауаның ластануынан көз жұматынын тілге тиек еткен Қазақстан NUR ALEM павильонының жетекшісі Әсем Омар қоқыстың қалай әсер ететінін түсіндірді.
"Дүние жүзінде әрбір алтыншы адам ауаның ластануынан уақытынан бұрын қайтыс болып жатыр. Әлемде мұхит теңіз суларына 15 млрд тоннадан астам қоқыс тасталып, құс-жануарлар зардап шегуде", - дейді Қазақстан NUR ALEM павильонының жетекшісі Әсем Омар.
#экология #қазақстан #орталық #урбанизация