1 ақпанда Еуропа парламенті Қазақстанда адам құқықтарының бұзылғаны туралы қарар қабылдады.
Жуырда ЕуроПарламент Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуына қатысты арнайы қарар қабылдады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропарламенттің қарарына қатысты түсініктеме берді.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Еуропарламенттің бұл құжаты оны дайындау кезінде пайдаланылған мәліметтердің нақтылығына қатысты толық түсінбестік пен түсініспеушілік тудырады.
«Брюссельдегі кейбір қарарларды еуродепутаттар фактілерді мұқият тексермей немесе мәселенің мәнін зерттемей «автоматты түрде» қабылдайтынын білеміз. Осыған байланысты, жаңа қарарда дәстүрлі түрде бір құжаттан екінші құжатқа «көшіп жүретін» көптеген «ескі кейстер» бар екендігі бізді таңғалдырмайды. Сондай-ақ, бірқатар Еуропарламент мүшелері еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірлеріне қарамастан, өз партияларындағы ішкі тәртіпке сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс бергенін түсінеміз», - деді ведомствоның ресми өкілі.
#сім #еуропарламент #адамқұқығы #заң #жоба #пікір