USD 507.07
EUR 572.53
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сыртқы істер министрі Пәкістан елшісін қабылдады

  • 07.қыркүйек.2020, 16:03,
  • 404

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады. Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар 2020 жылғы 27-28 ақпанда Исламабадта өтуі тиіс Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.


#сім #пәкістан #қазақстан #елші #мұхтартілеуберді

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.10.2019
14.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031