USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астана процесі: Барлық тарап келіссөздерге қатысады

  • 09.желтоқсан.2019, 16:30,
  • 355

Елордада өтетін Астана процесіне келіссөздерге қатысушы барлық тарап келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

"10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 14-ші халықаралық кездесу өтетіні мәлім. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары келіссөздерге қатысатынын растады және біздің елордамызға келе бастады. Олардың арасында кепілгер-мемлекеттердің делегациялары – Ресей, Түркия және Иран, Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясы бар", -деді Айбек Смадияров.


Оның атап өтуінше, кездесуге бақылаушы ретінде БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің басшылығымен арнайы делегация қатысады. Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Иран делегациясы елдің Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджидің басшылығымен қатысатын болады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : kazislam.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.11.2019
18.11.2019
13.09.2019
02.07.2019
14.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930