USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздегі салық қызметкерлері арнайы форма киетін болды

  • 09.ақпан.2021, 10:47,
  • 269

Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріліп, базалық жалақысына қосымша үстеме қосылып, бірыңғай формалық киіндіру енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі атап өткендей, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкеткерлері жалақысының төмендігі, әлеуметтік қорғалмағаны мен қызметінің жауапкершілігі жоғары болуына байланысты жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр, - деді Жамаубаев.


Оның сөзінше, мұндай жағдай білімі мен мол тәжірибесі бар қызметкерлердің жекеменшік секторға кетуіне әкеп соғады.


- Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формалық киім мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл шара білікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді, - деп атап өтті ол.



#салық #форма #киім #қызметкерлер 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.10.2020
21.08.2020
20.08.2020
28.11.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031