USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс депутаттарының алтын төсбелгілері

  • 29.қантар.2021, 12:24,
  • 302

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым миллион теңгенің төсбелгісіне қатысты пікір білдірді.

"Жақында қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының төсбелгісіне қатысты ақпаратты естіді. Біреуінің бағасы 330 мың теңге. Жалпы ол миллион теңге. Бұған қатысты пікір білдіре аласыз ба?", - деген сұрақты Мәжіліс депутаты Айдос Сарымға қойылды.


"Маған ол жезден жасала ма, әлде алюминийден жасала ма - маңызды емес. Шыны керек, бұл сұрақ қайдан шыққанын білмеймін, себебі бұл қалыптасып қалған практика. Төсбелгіні көрдім, ол шынында алтын. Мен тек алтынның бағасына сүйеніп айтып отырмын, себебі соңғы кездері оның бағасы қымбаттап кеткен. Бәлкім сонымен байланысты болуы мүмкін. Егер сол іспен айналысатын мамандар, төсбелгіні жасайтындар болса, олар алтынның құнын, ақша сарайының адамдары біледі және олар менен де жақсы есептей алады. Мен үшін, шыны керек, айырмашылығы жоқ. Бұл кедергі де келтірмейтін, көмектеспейтін де атрибут", - деді Айдос Сарым. 


Сонымен қатар, журналистер депутаттан "олар төсбелгіні жоғалтып алған жағдайда не істейтінін" сұрады. 


"Жоғалтпау керегін айтты. Себебі жоғалтып алсақ, оны өз қаражатымызға қайтадан жасату керек болады. Сондықтан мұқият болуға тырысамыз", - деді депутат. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.12.2020
22.10.2020
21.10.2020
28.07.2020
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031