USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Имашев онлайн дауыс беруге қатысты түсініктеме берді

  • 22.қазан.2020, 18:15,
  • 553

Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасын жариялаған болатын. Жалпы сома - 15,3 миллиард теңге.

Мәжіліс сайлауы кезінде қағаз бюллетеньдермен дауыс беріледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті.

"Онлайн дауыс беруге қатысты әңгіменің қайдан шыққаны белгісіз. "Сайлау туралы" заңда онлайн дауыс беру режимі көзделмеген. Сондықтан біз баяғы қағаз бюллетеньдерімен дауыс береміз. Ондай әңгіме - бос сөз", - деді Имашев бүгінгі онлайн брифингте.

Комиссия басшысының айтуынша, дауыс беру кезінде барлық санитарлық талап сақталады.

Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасын жариялаған болатын. Жалпы сома - 15,3 миллиард теңге. Соның ішінде 341,4 миллион теңге комиссия мүшелеріне жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалады.

Сайлауға қанша партия қатыса алады

Мәжілісі пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Бүгінде әділет министрлігінде алты саяси партия тіркелген. Олар:

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" партиясы;
  • Қазақстанның халықтық коммунистер партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Бiрлік" партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Бүгінде парламент мәжілісінде үш партия - Nur Otan, Халықтық коммунистер мен "Ақ жолдың" өкілдері отыр.



#сайлау #дауысберу #онлайн #мәжіліс #парламент #саясат 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930