USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирустың британдық штамы Қазақстанда анықталған жоқ – министр

  • 19.қантар.2021, 11:17,
  • 287

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Вирустың мутацияға бейімділігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты түрде Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Талдау жұмыстары зерттелген сынамалар генетикалық тұрғыда Германияда, Испанияда, Украина, Ресей, АҚШ пен Қытайда анықталған штамдармен ұқсас екенін көрсетті. Аурудың симптомды және симптомсыз формалары, сонымен қатар вирустың таралуы мен аурудың ауырлығы вирустың қандай да бір генетикалық желіге тиесілі екеніне тәуелді емес. Анықталу жиілігі жоғары мутациялар айқандалды. Зерттелген сынамаларда коронавирустың британдық штамы анықталған жоқ», - деп сендірді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министр сонымен қатар бұл бағытта жұмыс жалғасатынын мәлім етті.



#штам #коронавирус #мутация #цой #министр #эпидахуал

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.01.2021
09.09.2020
04.08.2020
03.08.2020
01.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031