USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде жолдарда 100-ден астам электронды таразы пайда болады

  • 13.қараша.2020, 19:03,
  • 345

Автомобильдің салмақ, габариттік параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған станциялары 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолдарда пайда болады.

«Алғашқы «таразы-автомат» қанатқақты режимде келесі жылдың маусым айына дейін «Екатеринбург-Алматы» автожолында, яғни Талапкер кентінің маңында іске қосылады. Ауыр салмақты жүктерді тасымалдаудың қарқындылығы жол жабындарының тозуы мен бұзылуына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа технологияны - салмақты өлшеудің автоматтандырылған станцияларын енгізу жүк көлік құралдарының барлық ағынын салмақты бақылаумен қамтуға, барлық ереже бұзушыларды анықтауға және әкімшілік жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, тасымалдаушылардың тәртібі мен автомобиль жолдарының сақталуы артады, оларды жөндеуге жұмсалатын шығындар төмендетіледі», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде. Сонымен қатар, көліктің салмақ, габариттік параметрлерін өлшеу процесі көліктік бақылау органдары инспекторларының қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі. Анықталған ереже бұзушылықтар бойынша әкімшілік практика «Сергек» жүйесінің жұмыс істеу қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл адами факторды болдырмауға және көліктік бақылау жүйесіндегі әкімшілік кедергілерді барынша азайтуға ықпал етеді. «Көлік инфрақұрылымын дамытудағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Қазақстан автожолдарында 112 автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарлануда», - делінген өткен хабарламада.



#жолдар #таразы #автомат #саясат #нұрлыжол 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2020
25.09.2020
14.09.2020
28.07.2020
12.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930