USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз – СІМ

  • 12.июля.2020, 17:00,
  • 406

Жақында әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық жабдықтардың жарты ай уақыт ішінде елге жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат тарады. 

Cыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз.


Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстамбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз. Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD өз веб-сайтында жариялады, - делінген ведомство мәліметінде.

Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған. 


Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз, - деп ескертті министрлік.


#сім #түркия #көмек #жалғанақпарат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.07.2020
29.10.2019
12.09.2019
17.06.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30