USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-басшысы сотқа жүгінді

  • 13.қараша.2020, 14:32,
  • 246

ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-басшысы ұлының мүлкі үшін сотқа жүгінді. 

Ақтөбе және Атырау облысының экс-әкімі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен соттасып жатыр. Себебі ол қайтыс болған ұлының бизнесіндегі үлесі компанияға берілгенін білген. Басылым мәліметінше, Мусин "Ақтөбе" ӘКК және туысына қатысты сотқа шағымданған. Азаматтық істі Ақтөбедегі сот қарастырып жатыр. 

Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин 2017 жылы Ригада 38 жасында қайтыс болды. Латвия полициясының мәліметінше, ол 23 желтоқсанға қараған түні 15-қабаттан құлаған. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды, бірақ кейін "қылмыс құрамының болмауына байланысты" іс жабылды.

Асылбек Мусиннің Ақтөбедегі Қарғалы ауылында ауданы 567 шаршы метр болатын жазғы асханасы, гаражы, бильярд залы бар екіқабатты үйі қалды.

2020 жылғы тамызда экс-әкім ұлының қағаздарының арасынан құрылтайшы құжаттарын табады. Ол жерде Асылбек Мусин "Алико", "А-Полиграфия", "МК-Бизнес", "Портал-Б", "Мередиан-С" ЖШС-ның құрылтайшысы және олардың әрқайсында жарғы капиталы барын анықтайды.

Басылымның мәліметінше, құжаттарға қарағанда 2013 жылғы 11 қарашада Асылбек Мусин туысы Әнуарбек Мусинге сенімхат берген. Ал ол сол күні "А-Полиграфия", "Меридиан-С", "Актобе" ӘКК" компанияларында жарғы капиталын үлестірген. Сенімхат алған ол басқа компаниялардағы үлесін берген.

Аслан Мусин ұлының компаниялардағы үлесін "Ақтөбе" ӘКК" АҚ-ға заңсыз берілген деп есептейді. Сенімхат бизнестегі үлесін беруге құқық бермейді. Оның үстіне Асылбек Мусин ол кезде елде болған жоқ және сенімхат бере алмайтын еді. 

"Әкесі сенімхат пен келісімдерді жарамсыз деп тануды талап етіп жатыр", - деп жазды басылым.


#асланмусин #президент #әкімшілік #сот #мүлік

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.11.2020
27.07.2020
20.07.2020
20.07.2020
13.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930