USD 541.18
EUR 636.05
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік Айна Бакееваның видеосына жауап берді

  • 06.июля.2020, 13:36,
  • 738

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты түсініктеме берді.

"Бұл видео белсенді түрде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады... Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

"Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды", - деп түсіндірді ол.

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысқанын, бірақ әзірше барлық әрекет сәтсіз болып шыққанын айтқан. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін реабилитологпен кездесуді жоспарлап отыр.

Мұның алдында реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.


#министр #цой #видео #айнабакеева #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.05.2020
30.04.2020
21.04.2020
15.04.2020
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930