«Жалпы кез келген қоғамның, мемлекеттің басты құндылығы – ол адами капитал. Адами капиталды қалыптастыратын жер оқу орындары саналады. Сондықтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдан бастап осы мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр. Былтыр алдағы 4 жылдың ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы 2 есе көтерілсін деген талап қойды. Міне ол қазір іске асырыла бастады. Жоғары оқу орындарының оқытушылары жалақысын көтеру тапсырмасы да қазір жүзеге асырылуда»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, еліміздің жоғары оқу орындарында мамандар жұмыс берушілердің талабына сай әзірленеді. Демек, университет бітірген түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші арқылы ЖОО-дағы білімді бағалауға болады. «Мәселен, Еуразия ұлттық университеті түлектерінің 80 пайызға жуығы жұмысқа орналасады. Оған университеттің өзіндік имиджімен қатар түлектерге қойылатын талабы да септігін тигізіп отыр. Бұған қоса, университет әлемдік рейтингтерге жоғары орында келе жатыр», - Ерлан Сыдықов. Ал Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов студенттерге дұрыс білім бере алмайтын жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру дұрыс екендігін айтады. «Еліміздегі кейбір университеттердің 45-50 лицензиясы бар. Ал сол лицензия бойынша білім алатын студенттердің саны кейбірінде 2-3 адам ғана. Мұндай жағдайда қандай білім болмақ? Сондықтан қазіргі уақытта бірқатар универсиеттің лицензиясы қайтарылып отыр», - деді ол.
#еұу #түлектер #жұмыс #ректор #студент