"Өздеріңіз білесіздер, сыртқы саясатта өте белсенді жұмыс жалғастырып келеміз, сабақтастық, жаңа бастамалар бар. Келесі аптада Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуы жоспарланған. Оның барысында Мемлекет басшысы климаттық саммитке қатысады. Содан кейін тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитке қатысатын болады. Сонымен қатар біздің жоспарда Нью-Йоркке барған кезде бірнеше америкалық іскер топтармен тиісті кездесулер бар", - деді ол.