USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады

  • 22.қыркүйек.2020, 17:47,
  • 1 025

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады.

Бас Ассамблеяның сессиясы әлі жалғасып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында өтетіндіктен, мемлекеттер басшыларының сөйлейтін сөздері бейне байланыс форматында болады деп жоспарланған.


"Қазақстан Президенті 21 қыркүйекте БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуге, 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатына қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдығына және Жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды", деп жазды Берік Уәли.


Қазақстан Президенті өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ға қатысты сыни пікірлердің айтылғанына қарамастан, ол әлемдік саясатта шешуші рөл атқаратын баламасы жоқ әмбебап ұйым екеніне тоқталып, 2030 жылға дейінгі Күн тәртібіндегі тұрақты даму мәселелердің жүзеге асырылуы, халықаралық саясаттағы БҰҰ-ның рөлін күшейту, Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастық салалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді қозғап, бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынады.



#президент #тоқаев #басшы #бұұ #ассамблея #75жылдық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.09.2020
29.05.2020
23.09.2019
13.09.2019
05.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930