Президент Нью-Йорк қаласында өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Президент тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси Форумда сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес және трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси және сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.
Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысында баяндама жасайды. Биыл аталған пікірсайыс «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбында өтеді.