USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Toyota Land Cruiser, Skoda Octavia? Әкімдер мінген темір тұлпар қандай?

  • 17.қыркүйек.2020, 10:21,
  • 380

Қазақстанда қала әкімдері қандай көлікпен жүреді? Қазақстан қалаларының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Жауап алу үшін Tengrinews.kz тілшісі облыс орталықтары және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ресми сауал жолдады.

Қазақстан қалаларының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Жауап алу үшін Tengrinews.kz тілшісі облыс орталықтары және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ресми сауал жолдады.

Рашид Аюпов. Фото:openspk.kz

Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың қызметтік көлігі - 2008 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser. Әкімдіктің мәліметінше, қазір коронавирус пандемиясына байланысты бұл көлік қалалық ауруханаға пайданалуға берілген. Сондықтан қала әкімі қазір өзінің жеке көлігімен - 2005 шығарылған Toyota Corolla-мен жүреді.

Алтай Көлгінов. Фото astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы шығарылған Skoda Octavia көлігімен жүреді. Түсі - қара. Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап астана әкімшілігінің қызметкерлерін такси қызметі тасымалдайды. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Әкім жүретін көлікті де такси қызметі ұсынады.

Амангелді Смайылов

Көкшетау әкімі Амангелді Смайылов 2013 жылы шығарылған Kia Mohave маркалы көлігімен жүреді, түсі - қара металл.

Ермак Салимов. Фото  yk-news.kz сайтынан

Семей әкімі Ермак Салимов 2016 жылы шығарылған қара түсті Toyota Camry маркалы қызметтік көлігімен жүреді.

Болат Жұмабеков. Фото:petropavl.sko.gov.kz

Петропавл әкімі Болат Жұмабеков 2015 жылы шығарылған Kia Quoris көлігімен жүреді. Түсі - қара металл.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2010 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен жүреді. Түсі - қара.

Атырау әкімі Қайрат Оразбаев 2017 жылы шығарылған, түсі қара Toyota Camry көлігімен жүреді.

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров 2011 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 200 көлігімен жүреді, түсі - қара. 

Жақсылық Омар

Өскемен әкімі Жақсылық Омар 2017 жылы шығарылған, ақ түсті Toyota Camry автосымен жүреді.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 2011 жылы шығарылған, қара түсті Lexus LX 570 қызметтік көлігімен жүреді.

Қызылорда әкімі Нұрлыбек Налибаев Kia Sorento кроссоверімен жүреді. 2019 жылы шығарылған, қара түсті. Әкімдіктің мәліметінше, көлік облыстық мемлекеттік мүліктен берілген.

Қостанай әкімі Қайрат Ахметов 2010 жылы шығарылған қызметтік Lexus LX 570 көлігімен жүреді. Бұл авто әкімдікке "Шаруашылық 2012" ЖШС-дан қайтарымсыз негізде  берілген.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2013 жылы алынған, қара түсті Меrcedes Benz S-Class  көлігін мінеді.

Павлодар әкімі Ержан Иманслям 2017 жылы алынған Kia Quoris Premium+ көлігімен жүреді. Түсі - қара металл.

Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 2018 жылы шығарылған, сұр түсті KIA Quoris көлігімен жүреді. 

Жауаптарға қарағанда әкімдердің көбі қара түсті көлік мінеді.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қаңтарда қымбат көлік алу мен түрлі форум өткізуге мараторий жариялаған болатын. 



#әкім #көлік #шенеуніктер #әкімдік 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.09.2020
26.05.2020
17.07.2019
03.07.2019
13.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930