1978 жылы дүниеге келген Алтай Көлгінов Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде білім алған. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі дәрежелер иегері. 2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
"Aqjaiyq" облыстық арнасындағы "Әкім сағаты" сұхбат алаңында халық толғандырған сұрақтарға тікелей эфирде жауап береді.
Төрт баланың әкесі әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Әкімшілік қызметінен тыс отбасы суреттерімен жиі бөліседі. Жазбаларының ерекшелігі — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылуында.
Спортпен шұғылданатын Алтай Көлгінов қалалық, облыстық спорт шараларына ат салысады.