"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі болып Рашид Абатұллаұлы Аюпов тағайындалды", - делінген хабарламада.
2004-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша Ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған.
2009-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесі Басшылығы хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен.
2015-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі "Нұр Отан" партиясының өкілі, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың қыркүйек айынан SHYMKENT әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген.