«Аталған институтты енгізерде олардың ауыспайтындығы министрлерді әкімшілік-кадрлық жүктемеден босатып, аппарат тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп күтілген.
Іске келгенде олай болмай шықты. Ол ол ма, министрлер мен жаухатшылар арасында өзара түсініспеушіліктер орын алған жағдайлар да болды. Бұның кесірі ортақ іске тиді.
Сұрау бір адамнан, Президент өзі тағайындайтын министрден болуы керек!
Сондықтан жаухатшылық институт таратылуы, олардың міндеттері мен қызметтері министрліктердің аппарат басшыларына берілуі тиіс!», - деген Президент.
Сөйтіп, Президент айтты. Жауапты хатшылық институты таратылатын болды. Сонымен, кімдер қызметімен қоштасады?
Міне, тізім:
Арман Жұмабеков – Ұлттық экономика министрлігінің жаухатшысы,
Қанат Сәрсембаев – Білім және ғылым министрлігінің жаухатшысы,
Жанат Қожахметов – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаухатшысы,
Бақытжан Берікбайұлы – Мәдениет және спорт министрлігінің жаухатшысы,
Марат Оразаев – Ауылшаруашылық министрлігінің жаухатшысы,
Жәнібек Гупиров – Сауда және интеграция министрлігінің жаухатшысы,
Аида Құрманғалиева – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаухатшысы,
Айдын Ашуев – Қаржы министрлігінің жаухатшысы,
Әнуар Ахметжанов – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігінің жаухатшысы,
Сәбит Нұрлыбай – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жаухатшщысы,
Талғат Момышев – Энергетика министрлігінің жаухатшысы,
Азамат Әмірғалиев – Әділет министрлігінің жаухатшысы,
Аркен Утенов – Сыртқы істер министрлігінің жаухатшысы,
Мереке Пшембав – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаухатшысы,
Әсем Нүсіпова – Денсаулық сақтау министрлігінің жаухатшысы.
Жауапты хатшы лауазымы «А» корпусына жатады. Жауапты хатшы – айрықша статусқа ие мемлекеттік қызметкер. Оны Президент Әкімшілігінің ұсынуымен, Мемлекет басшысы Премьер-министрмен ақылдаса отырып тағайындайды және қызметінен босатады. Кейбір деректерге сүйенсек, 2017 жылы бұл лауазымдағы қызметкерлердің ең жоғарғы жалақысы 685 мың теңгенің төңірегінде болған - деп хабарлайды Abai.kz