USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды

  • 26.желтоқсан.2019, 14:00,
  • 547

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында. 


Арман Қырықбаев -  Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі. Әр жылдары Nur Otan партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.


Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, Мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Казахфильм" АҚ, Nur Media республикалық басылымдарының Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2015-2019 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік етті.


Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытқа, Қоғамдық саясат институтына, "Жас Отан" ЖҚ, сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылға және т.б. жетекшілік ететін болады. Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары партияда, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істеу тәжірибесі оған қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2019
20.08.2019
19.08.2019
10.07.2019
03.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930