Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты. "Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерле облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу",- дейді Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты.
#сыдыманов #басдәрігер #түсініктеме #алматы