"Бүгінде жалпы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатыр. Бес күнде 178 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 19-ы - полиция қызметкерлері. Өкінішке қарай, 10 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан көңіл айтып жатыр", - деді жаңа әкім үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 33 адам ауруханада жатыр.
"Қордай ауруханасында - 13 адам, Алматыда 20 адам. Қырғызстандағы ауруханаларда жатқандар Алматы мен Таразға ауыстырылды. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қордайға Алматыдан мықты, танымал дәрігерлер келді. Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар үйлер мен сауда орындарын салуға жұмылады. Бизнесмендермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар көмек көрсетуге дайын, барлық мүмкіндікті пайдаланымыз. Жалпы жағдай бақылауда. Барлығы дұрысталады деп ойлаймын", - деді облыс әкімі.