USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Азаматтық альянс президенті Салтанат Рахымбекова ауыр індеттен көз жұмды

  • 03.августа.2020, 10:48,
  • 348

3 тамызға қараған түні Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Рахымбекова қайтыс болды. Марқұм 55 жаста еді. 

Қаза туралы оның күйеуі Төлеутай Рахымбеков Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің Салтушам, менің Салтанатым мені мәңгілікке тастап кетті, бізді тастап кетті..." - деп жазды ол.


Салтанат Рахымбекова үш апта пневмониямен күрескен. 11 шілдеде күйеуі жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді.

"Аты өшкір пневмония менің отбасымнан сырт айналмады. Менің Салтанатым, менің сүйікті Салтушам жансақтау бөліміне түсіп қалды. Дене қызуы 39 және одан жоғары. Дәрігерлер мұны коронавирустан емес дейді, ал мен оларға сенемін. Салтанат жоспарлы емделу курсын өтіп жатқан, сол кезде пневмония анықталды. (...) Сондықтан біздің дәрігерлер, медбикелерден, санитар әйелдерден артық ешкім жоқ екеніне сенімдімін! Мені кешіріңіздер! Мен жеке басыма, отбасыма қатысты ешқашан жарияламайтын едім. Мына вирус ең жақсы адамдарды жалмап бара жатқанын білемін. Денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Алла мен аруақтардан бәрі және Салтушам үшін дұға етемін", - деп жазған болатын Төлеутай Рахымбеков.


#азаматтықальянс #профессор #салтанатрахымбекова #пневмония #қайтысболды

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.06.2020
27.04.2020
15.04.2020
09.10.2019
12.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930