USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев коронавирус тестін жасаған ғалымдарды құттықтады

  • 06.сәуір.2020, 10:30,
  • 465

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады.

"Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін", - делінген Президенттің құттықтауында.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.03.2020
28.02.2020
25.11.2019
30.10.2019
02.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930