Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Қазақстан мен Өзбекстанның су басқан аймақтарындағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты екі ел үкіметтерінің атқарып жатқан жұмыстарын егжей-тегжейлі талқылады.
Олар халықты эвакуациялау және әлеуметтік қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру секілді шұғыл атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді шешу барысындағы тараптардың тығыз әрі үйлесімді жұмысына оң баға берді.
Шавкат Мирзиёев Өзбекстан тарапының жан-жақты қолдау көрсететінін, оның ішінде, еркін ақпарат алмасып, бөгетті қайта қалпына келтіру кезінде Қазақстанның мүддесі мен халықаралық құқық қағидаттарын ескеріп, ашық жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.