USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мамин: Үкімет Түркістан облысында зардап шеккендерге көмек көрсетеді

  • 05.мамыр.2020, 13:45,
  • 407

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыста Түркістан облысындағы су басу мәселесі қаралды. 



Үкіметте осы мәселеге байланысты баяндама жасаған Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев Арыстағы жағдайдағыдай әрекет етіп жатқандарын айтты.


Мақтаарал ауданының шекарасындағы коллектордан су төгіліп, 5 елді мекендегі 631 үйді су басты: Жаңа Тұрмыс – 46 үй, Жеңіс – 130 үй, Фирдоуси – 250 үй, Өргебас – 194 үй, Достық – 11 үй. Мақтаарал ауданында 3 600 га егіс алқабы зардап шекті, оның 85%-ы мақта егуге арналған. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы саны 30 581 адамды құрайтын 14 елді-мекен эвакуацияланды.


"Комиссия бес ауылда – Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келтірілген залалға шұғыл бағалау жүргізіп, одан соң инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді", — деді А. Мамин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.02.2020
27.12.2019
20.09.2019
19.09.2019
16.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930