USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев азаматтарды әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

  • 04.мамыр.2020, 15:00,
  • 647

Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.




"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 7-8, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

скачать dle 12.0
Фото авторы : sputniknews.kz
Тағы да оқыңыздар:
30.04.2020
03.04.2020
12.02.2020
21.10.2019
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031