USD 470.46
EUR 543.1
RUB 5.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады

  • 03.сәуір.2020, 10:00,
  • 699

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулы шығарды.

"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.


2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:


1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.


3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Тұрар Қазанғапов
Тағы да оқыңыздар:
12.02.2020
15.01.2020
07.08.2019
17.07.2019
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930