Лондон жоғарғы соты үш ордердің де күшін жойған. Судья Джастис Лангтің сотта келтірілген дәлелдерге көңілі толмаған. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Лондондағы екі зәулім үй мен пәтер Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, Нұрәлінің әкесі марқұм Рахат Әлиевтің заңсыз ақшасына сатып алынғанын дәлелдеуге тырысқан. Офшор компаниясын Рахат Әлиев ашты және мүлік сол компанияға тиесілі деген деректің растығына судья Лангтің көзі жетпеген.
Сот шешімінде мүліктің "өз бетінше табыс табуға қабілетті әйел" Дариға Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін екені айтылған.
Сотта Назарбаеваның мүддесін қорғаған адвокат "Назарбаева өз атына кір келтірмес үшін қатаң процедуралармен күресіп, толық ақталып шықты" деген.
Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі шешімді апелляцияға беретінін айтқан.
Агенттік 2019 жылы мамыр айында ордер шығарып, жылжымайтын мүлікке уақытша тыйым салған.