Тараптар мемлекеттер арасында қарқынды саяси үнқатысу қалыптасқанын, экономикалық тығыз байланыстар орнағанын, барлық салалдағы ынтымақтастық өзара тиімді дамып келе жатқанын атап өтті. Өнеркәсіп кооперациясын дамыту, Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасындағы екі жақты жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Талқылау барысында Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында жүріп-тұру және болу жағдайларын құқықтық қамтамасыз ету, шекаралық өткізу бекеттерінің мәртебесін өзгерту, жалпылама Экологиялық үлгі кодексті әзірлеу, Қазақстан аумағындағы полигондардың экологиясы, сондай-ақ су ресурстарын, оның ішінде трансшекаралық өзендерді бөлу мәселелері қозғалды.
"Қазақстандық көмірді өткізетін басқа нарықтар жоқ. Бағаның құлдырауы мен көлік шығындарының өсуіне байланысты Еуропалық бағыт іс жүзінде тоқтады. Ресейлік шаралар біздің көмір өндіруші кәсіпорындарды осындай жағдаймен тоқтаудың шегіне әкеліп отыр", - деді Назарбаева.
Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы талқыланған барлық тақырыптар бойынша тиісті тапсырмалар берілгеніне ерекше назар аудартты.
"Бүгін көтерілген мәселелер оң шешімін табады. Жайық өзені бойынша бірлескен комиссия құру жөніндегі қажетті іс-қимылдың бәрін өз орынбасарым Алексей Гордеевке жүзеге асыруды тапсырамын. Ортақ мәселелерді өзара тиімді жағдайда шешу қажет", - деді Медведев.