USD 495.28
EUR 518.41
RUB 5.44
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда 500-ге тақау адам тұтқынға алынды

  • 09.июня.2019, 22:00,
  • 665

Ішкі істер вице-министрінің сөздерінше, митингке шыққандар тас лақтырып, бұрыш баллонын пайдаланды.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Кожаев ҚР ОСК-да өткен брифингте еліміздің астанасы мен Алматыда сайлау күнінде 500-ге тақау адам тұтқынға алынғанын хабарлады.


«Еліміздің екі қаласының көшелерінде рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру мен өткізу арқылы радикалды элементтер тарапынан қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері жасалды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында акцияларды өткізу орындарынан ішкі істер органдарына 500-ге жуық адам ұсталып әкелінді», - деп Қожаев мәлімдеді.


Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, бұл күні ешкім медициналық көмек сұрамады. Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз акциялар орындарында 12 адам медициналық көмек сұрады. Негізінен барлығы гипертаниялық күрт асқынуға шағынды. Осыған қоса митингке қатысқандар әрекетінен үш полицей зардап шекті .


«Қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары тарапынан тастарды лақтыру, баллондарды қолодану әрекетті байқалды. Үш полицей жарақатталды. Олардың екеуі лақтырылған тастан жарақатталды, біреуі бұрыш балонынан көзін күйдіріп алды. Осындай әрекеттерге қылмыстық заңнамаға сәйкес баға берілетін болады, - деп атап өтті Марат Қожаев.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728