Онда павлодарлықтар облыс әкімінің жасаған жұмыстарын, оның облысқа қандай көмек көрсеткенін жазып жатыр. Қазірдің өзінде әкім жайлы 300-ден астам жазба жазылған.
"Біріншіден, әкімнің қолдауының арқасында еріктілер үйі ашылды, онда еріктілерге өз қызметтері үшін бөлмелер бөлінді. Бұл жай ғимарат емес, жай сыныптар емес: бұл еріктілер жиналып, жаңа және жаңа қайырымдылық жобаларын ойластыратын орын. Екіншіден, әкімнің бастамасымен біздің клубқа GAZelle маркалы автокөлік сыйға тартылды. Үшіншіден, Болат Бақауов қайырымдылық мақсатында қызмет ететін "Махаббат аллеясын" құру және іске қосу идеясын қолдады", - деп жазады "Павлодар мейірімділер клубы".