Мұның алдында Данат Жумин Шымкент әкімінің орынбасары қызметінде болған еді.
2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры, 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы Apex Consult ЖШС-нің бас директоры.
2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарушы төрағасының кеңесшісі. 2014-2016 жылдары "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.