"Әрбір шенеунік білуі тиіс, біз халықтың бір бөлігіміз, халық үшін ел ішінде жұмыс істейміз. Барлығын естіп отыратын мемлекет - бюрократияның ең асқынған түрінің болмауы. Бұл цифрландыру негізіндегі барлық процедураның ашықтығы. Мемлекеттік билік жүйесіне басқарушылардың жаңа толқынын тарту керек", - деді Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде.
Оның айтуынша, алғашқы қадам Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырумен байланысты екен.